Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
Жарияланды
Құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
«Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процессін ұйымдастыру ісімен танысады. Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.