Еліміздің кәсіпорындары 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды
Жарияланды
Машина жасау саласындағы өндірісі 16,5% артты
Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың 9 айының қорытындысында отандық кәсіпорындар 52 411 жеңіл және жүк көлігін, автобустар мен арнайы техникалар құрастырды. Биыл автоөнеркәсіп өнімдерін 100 мың техникаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Биыл 10 айда еліміздің машина жасау саласындағы өндірісі 16,5% артты. Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару көлемі 53,6%, өзге көлік құралдары – 87,1%, электр жабдықтары – 3%, машиналар мен қондырғылар өндірісі 4,3% өсті.