Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

Жарияланды
Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгені құрайды

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 763 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2020 жылғы 23 қарашада Қырғыз Республикасына ауыр жүк көлігімен «Көкшетау-4П» өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасын және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 млн. медициналық бетперде жіберді.

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 млн. теңгеге жуық, атап айтқанда «Тыныс» АҚ шығарған «Көкшетау-4П» ӨЖЖ аппараттарының құны 328 млн. теңге, «Dolce pharm» ЖШС және «Mega pharm» ЖШС шығарған медициналық бетперделер құны – 61 млн. теңге.

Сондай-ақ оқыңыз