Жуырда ғана Түркістан облысыда жөнделген жолдар сапасыз болып шықты

Жарияланды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жолдардың сапасына бақылау жүргізді

Боралдай ауылы тұрғындарының арыз-шағымы негізінде жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданыда жуырда ғана жөнделген жолдар сапасыз болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңадан төселген жолдардың сапасына кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілген болатын. 

Аталған шара барысында Боралдай ауылына қарасты Жұмаділ, Жамбыл, Батыршаев көшелері мен Ақжар ауылына баратын автомобиль жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі бақыланды. 

Бір күндік бақылау жұмыстарының нәтижесінде Боралдай ауылдық округі, Ақжар ауылына баратын автомобиль жолдың асфальт бетон жамылғысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Жолдың екі шетіне тас төселмегені және су ағатын құбырларға бетон құйылмағаны, ойық шұңқырлар талапқа сай жамалмау деректері белгілі болды. Жаңадан салынған жолдан бірқатар ақаулар байқаған сала мамандары анықталған кемшіліктер бойынша мердігер мекемелерге акт түзіп, компания басшыларына қайта жөндеуден өткізу бойынша ұсыныстарын білдірді. 

 

Сондай-ақ оқыңыз