Алексей Цой Қазақстанда қай кезде карантин күшейтілетінін айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі коронавирус инфекциясының таралуы, карантиндік талаптар жайлы айтып, алда келе жатқан мереке күндері ел-жұртты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
«Өкінішке қарай, қазір халық сақтық шараларына немқұрайлы қарап жүр. Коронавирус инфекциясының алдын алудың негізгі шаралары маска тағуды, әлеуметтік қашықтықты сақтауды тоқтаттық. Карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында мобильдік топтар тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Оның нәтижелері бойынша, өткен аптада ереже бұзушылықтың үлес салмағы өзгерген жоқ, 10,7 пайызды құрады», – деді Цой.
Алдағы ұзақ демалыс күндері мен жаңа жылдық мерекелерді ескере отырып, ведомство басшысы азаматтарды коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын қатаң сақтауға үндеді.
«Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шаралар өткізбеуге және қатыспауға, суық тигізіп алмауға, індеттің алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Елдегі эпидемиологиялық жағдай әрқайсымызға байланысты, сондықтан маска тағып жүріңіздер, әлеуметтік ара қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауларыңызды сұраймын», – деді министр.
Қазір Қазақстанда 4 миллионнан астам ПТР-зерттеу жүргізілген. Министрдің айтуынша тестілеудің қуаты тәулігіне 90 мыңға жеткен. Күн сайын зертханаларда 40 мыңға дейін тест жасалады. «Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 50 мың зерттеуге жетті, яғни қазақстандықтарға ПТР-тест қолжетімді» деді министр.
Цой айтқан дерекке сүйенсек, дәл қазір ел бойынша 15 мыңға жуық инфекциялық төсек-орын дайы. Оның 22 пайызы ғана пайдаланыуда. Ал реанимациялық төсек-орынның 16 пайызында ғана науқас жатыр. Карантиндік стационарларда 6 886 төсек-орын бар. Қажет болған жағдайда, 51 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын әзірленбек.
Министр 27 қарашадағы жағдай бойынша республикамыздың «сары аймақта» немесе коронавирус инфекциясының таралуына қатысты орташа қауіпті аймақта тұрғанын айтты.
«Қазақстан Республикасында да КВИ-ге қатысты эпидемиологиялық жағдай қиындап барады. 27 қарашадағы мәлімет бойынша 129 213 науқас COVID-19 жұқтырған және 41 756 адамнан КВИ- анықталды. Қауіпті 5 өңірге қатаң шектеу шаралары енгізілген, олар «қызыл аймақта» тұр: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда 3 өңір «сары аймақтан» «қызыл аймаққа» көшті, олар – Павлодар, Қостанай, Ақмола облыстары. Алматы қаласы «сары аймақта». Қалған өңірлер «жасыл аймақта»», -деді министр.
Республикада қазан айымен салыстырғанда қараша айында КВИ-ге шалдыққандар 3,7 есе өскен.
«Әзіргей, жағдай бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі апта сайын жағдайды талдап, болжам жасайды. Қазіргі қалыптасқн жағдай бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін. Барлығы жағдайды қаншалықты басқара алатынымызға байланысты болады. Қазіргі уақытта біз КВИ жұқтыру жағдайлары артқан өңірлер барын көріп отырмыз, оның ішінде Шығыс Қазақстан да бар. КВИ таралуының баяулағанын, түзелгенін, тіпті төмендеу тенденциясы байқалады»,- деді Алексей Цой.