ДДҰ Еуропа мемлекеттерін босаңсымауға шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа мемлекеттерін босаңсымауға шақырды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Еуропаның кейбір елдері карантиндік шараларын Жаңа жыл мен Рождество мерекелері қарсаңында жеңілдете бастаған кезде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл мемлекеттердің тұрғындарын босаңсымауға шақырады.
ДДҰ өкілдерінің айтуынша, бүгінгі күні коронавирус инфекциясының екінші толқынының таралуын қатаң шектеу шараларының арқасында ғана тоқтату мүмкін болған. Алайда, Еуропа әлі пандемияның эпицентрі болып табылады. Бүгінгі күннің басты мәселесі – үшінші толқыннан сақтану.
«Қырағылықты жоғалтпау керек. Біз қабылданған шаралардың оң әсерін, індетті жұқтырғандардың санының азаюын байқадық. Алайда қазір босаңсыйтын кез емес», – деді ДДСҰ маманы Мария Ван Керкхове.