Егер коллекторлар мазаңызды ала берсе, не істеу керек?

Жарияланды
Қайда жүгіну керек

Егер коллекторлар мазаңызды ала берсе, не істеу керек? Бұл туралы Fingramota.kz ресми Telegram каналында хабарлады.

Алдымен коллекторлық агенттікте қаржы реттеушісі лицензиясының бар-жоғын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан тексеріңіз.

Коллектор мен кредитор арасындағы шартты міндетті түрде тексеріңіз, онда қарыздың өндіріп алу үшін берілгені не коллекторларға берілгені көрсетіледі.

Құқықтарыңыз бұзылған жағдайда коллекторлық агенттікті банк заңнамасын және «Коллекторлық қызмет туралы» заң талаптарын сақтауы тұрғысынан тексеру үшін қаржы реттеушісіне жазбаша өтінішпен жүгініңіз.

Қайда жүгіну керек:

1.info@finreg.kz электрондық поштасы бойынша;

2. Жазбаша нысанда мына мекенжайға: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, жедел желі телефоны: +7 (727) 237 1000.

3.Өңірлік өкілдер басқармасы (тұрғылықты жер бойынша).
 

Сондай-ақ оқыңыз