Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Тұңғыш президент күні 1 желтоқсанда мерекелік отшашусыз атап өтеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Нұр-Сұлтанда, әкімдіктің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары мереке күндері онлайн режимінде концерттерге, көрмелер мен конференцияларға қатыса алады. Сонымен, түрлі кітапханаларда тұңғыш президент пен оның өмірбаянына арналған экспресс-көрмелер ұсынылады. Қалалық филармонияда Қазақ оркестрінің концерті өтеді, оны әлеуметтік желілерден көруге болады.
Сауда және ойын-сауық орталықтары бұрынғыдай жұмыс істейді. Қоғамдық көлік те өз жұмысын жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға коронавирусты жұқтырмас үшін жаңа жылдық мерекелерде отбасыларымен үйде болуға және іс-шараларға шығуды шектеуге кеңес берген болатын.