Жаңаөзен қаласында бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандар ашылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және бір топ қоғам белсенділері қатысты. Бұл туралы baq.kz сайты хабарлады.
Аймақ басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтады. Мерейлі мейрам қарсаңында өз жұмысын бастап, жаңадан іске қосылған өндіріс орны – қант шығаратын зауыты.
«Қаланың өндірістік аумағында орналасқан «ORDA» ЖШС-і жылына 3600 тонна қант шығаруды жоспарлап отыр. Бұл облыстағы сұраныстың 30% астамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жаңа кәсіпорында Жаңаөзеннің 42 азаматы еңбек ететін болады» – деді, мекеме басшылары.