Жаңалықтар

Сәбиін дәретханаға тастап кеткен әйел ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастаған азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласында жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана  ішінен жаңа туған нәресте мәйітінің табылу дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды. Күдікті азаматша анықталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.