Ресурстар

Елімізде азаматтарға мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды

Елімізде азаматтарға патриоттық сезімдерін білдіру үшін  мемлекеттік туын ғимараттар мен балкондарда ілуге рұқсат етілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Қаулыға премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

27 қарашада Үкімет 2007 жылдың 2 қазанында шығарған № 873 қаулысына өзгерістер енгізді.

 «Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана (орнатуы, орналастыруы) алады», – делінген қаулыда.