Банк пен қаржы

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақыны 7%-ға арттырады

Бұған дейін Президент Республикалық бюджет туралы заңға қол қойған болатын

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат олардың 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өсуін ескере отырып беріледі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда айтылған.

Заңға сәйкес, республикада ең төменгі жалақы 1 қаңтардан бастап 42 500 теңге көлемінде белгіленеді. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды, ал ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңгені құрайды.
 
Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұлдар, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін ай сайынғы есептік көрсеткіш (АЕК) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2917 теңгені құрайды. 2020 жылы АЕК 2 778 теңгені құрайтынын ескеріңіз. Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс мөлшері 34 302 теңгені құрайды.