Туристерге арналған мобильді қосымша іске қосылды
«COVID-19-сыз саяхат»: ЕАЭО туристерге арналған жаңа қызметті сынақтан өткізуде. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
⠀
Интеграциялық бірлестіктің үш мүшесі: Армения, Беларусь және Ресей елдері коронавирус індеті кезінде Одақ ішіндегі шекараларды бюрократиялық кідіріссіз кесіп өтуге мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны сынақтан сәтті өткізді.
⠀
Жақын арада бұл қосымша Қазақстан азаматтарына да қолжетімді болады.
⠀
COVID-19 тест нәтижесін азаматтар мобильді қосымшасы арқылы алады, бұл QR-код арқылы ұшып шыққан жері бойынша да, келген жері бойынша да әуежайларда қосымша тестілеуден өтпей-ақ шекарадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл жоба ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің таяудағы отырысында қаралған.
⠀
Жүйенің жұмыс істеу реті: қосымшаға жөнелту елі, содан кейін келу елі, сондай-ақ ПТР-тест нәтижесінің деректері енгізіледі. Осының барлығы ЕАЭО елдерінің электрондық зертханаларының бірыңғай электрондық жүйесінде көрініс табады. Зерттеу нәтижелері шекарада көрсетілетін QR-кодқа енгізіледі.
«COVID-19-сыз саяхат» қосымшасы сынақтан сәтті өткен. Қосымшаны ЕАЭО елдерінде күнделікті пайдалану туралы шешім үкіметаралық деңгейде қабылданатын болады.