Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушылар 183 миллион теңгеден астам айыппұл төледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Полиция қызметкерлері, еріктілер және аудан әкімдіктерінің өкілдері сауда орталықтарында, мейрамханаларда және басқа да нысандарда карантин тәртібін сақтау бойынша рейдтерді жалғастыруда.
Мамандардың айтуынша, тәртіп бұзушылар негізінен қоғамдық тамақтану орындары – мейрамханалар, демалыс орындары, банкет залдары, сондай-ақ сауда және ойын-сауық нысандары. Бұзушылықтар – бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс уақыты мен маска тағу тәртібін сақтамау, келушілердің тым көп болуы.
6 желтоқсандағы жағдай бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аудандық басқармаларына карантинді бұзушыларға қатысты 2213 материал келіп түсті. 1151 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 226 363 114 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.