Әлемде коронавирусты 68 миллионнан астам адам жұқтырған

Жарияланды
COVID-19 инфекциясының ең көп саны АҚШ-та тіркелген - 15 миллионнан астам

Дүние жүзінде жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) расталған жағдайларының саны 68 миллионнан асты.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometer веб-сайтынан алынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырған жағдайлардың саны 68 000 682-ге жетті.

Жалпы, COVID-19 салдарынан әлемде 1 551 760 адам қайтыс болды. Қауіпті инфекциядан жазылғандар саны 47 086 637-ге жетті.

COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелді – 15 370 339.

АҚШ-тан басқа, Үндістан (9 703,908), Бразилия (6 628 065), Ресей (2 515 009), Франция (2 295 908), Италия (1 742 557), Ұлыбритания (1 737 960), Испания (1 725 700) ), Аргентина (1 466 309), Колумбия (1 377 100) және Германия (1 200 006).

 

Сондай-ақ оқыңыз