Ресурстар

Минскіден Қазақстанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

11 халықаралық әуе рейсі келді

Минскіден Қазақстанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

2020 жылғы 8 желтоқсанынд Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді.

964 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 884 адам, анықтамасыз 80 адам – ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен – 320, анықтамасыз – 20;
Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен – 426, анықтамасыз – 54;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 132, анықтамасыз – 6;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. 

ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.