Неліктен антибиотиктер бактерияларға қарсы тұра алмай жатыр?

Жарияланды
Жасанды желдеткіште жатқан адамдар үнемі антибиотиктер қабылдайды

Коронавирустан көз жұмған науқастардың көпшілігі, COVID-19-дан емес, ауруханада жұққан суперинфекциядан қайтыс болуда. Оның емі жоқ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлауда.

 «COVID-19 ауырған науқастардың бір ерекшелігі – олардың денесінде өте қауіпті бактериялардың тез қалыптасуында. Сонымен қатар, бұл дәрілерге тұрақтылығы жоғары, емдеу мүмкіндіктері шектеулі штамдар. Біз оларды жиі анықтаудамыз», – дейді ресейлік микробиолог Константин Северинов.

Суперинфекцияның табиғаты вирустық емес, бактериялық. Біз ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алу аппаратында болған адамдарда пайда болатын инфекциялар туралы айтып отырмыз. Олардың қоздырғышы – көк іріңді таяқша. COVID-19 жағдайында бұл әсіресе айқын көрінеді. Науқас адамдарға тыныс алу қоспасы беріледі, бұл іс жүзінде өкпені жасанды желдету болып табылады. Егер аурухананың өзіндік патогендік микрофлорасы болса, демек ол тыныс алу жолдарына да енеді. Сонымен қатар, жасанды желдеткіште жатқан адамдар үнемі антибиотик қабылдайды. 

Жаппай, әсіресе эпидемияның алғашқы кезеңдерінде, COVID-19-ды емдейтін «қызыл аймақта» тұрақты микробтардың үлесі артқан. Сонымен қатар, ауруханалардан тыс жерлерде де тұрақты микробтар жиі кездесуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз