БҚО-да ПТР тестілеу бағасы 6 мың теңгеден басталады

Жарияланды
Өңірде COVID-19-ға тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді

Батыс Қазақстан облысында COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу бағасы 6 мың теңгеден басталады. Бұл туралы  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

2020 жылдың желтоқсан айынан бері облыс бойынша 1 227 адам зертханалық тексеруден өткен, ал індет басталғалы – 217 867 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР-диагностикасы үшін 52 916 зерттеуге арналған 1 058 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.

Батыс Қазақстан облысы – COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта».

Тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және оны уақытылы анықтауда зертханалардың рөлі ерекше. Өңірде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді:

1. ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы;
2. ШЖҚ «Облыстық көпбейінді аурухана» МКК;
3. «Олимп» КДЗ;
4. ШЖҚ «Бөрлі аудандық ауруханасы» МКК;
5. «Медициналық орталық» ЖШС;
6. ҚР ДСМ АҚИҰҒО ШЖҚ РМК «Орал обаға қарсы күрес станциясы» филиалы;
7. «СВА Интертич» ЖШС;
8. «INVIVO» ЖШС;
9. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;
10. «A-Class Medical» ЖШС (келісім-шарт бойынша).

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін зертханалардың мекенжайы мен жұмыс уақыты stopcovid.kz. сайтында орналасқан. ПТР-тестілеудің бағасы 6 мың теңгеден басталады
 

Сондай-ақ оқыңыз