Күз және қыс маусымында Қазақстанның су айдындарында 16 адам қаза тапты

Жарияланды
Оның ішінде 5 бала

Күз және қыс маусымы басталғаннан бері елдің су айдындарында 16 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

ТЖМ аумақтық бөлімшелері су айдындарда адамдардың (балықшылардың) қаза болуының алдын алу бойынша рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Рейд барысында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылады. 

Мәселен, 2020 жылғы 9 желтоқсанда ТЖ министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері, волонтерлер әуесқой балықшылар арасында Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарындағы балық аулау орындарында кезекті профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуі практикада көрсетілді. Мұз астына түсіп кеткен адамды құтқару кезіндегі іс-қимылдар көрсетілді.

Жалпы республика бойынша Төтенше жағдайлар департаменттері Полиция департаменттерімен бірлесіп, балық аулау орындарында, мұз өткелдері мен өтпе жолдарда патрульдеу, аралау жұмыстары және рейдтер тұрақты түрде жүргізуде. Күзгі-қыс кезеңнің басынан бері 4 512 патрульдеу және рейд өткізілді, судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау бойынша 15 769 нұсқаулық жүргізілді.

Күн сайын қауіпті су айдындарда, әсіресе өткелдерде, мұз өтпе жолдарында, мұз астынан балық аулау орындарында мұздың қалыңдығын бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ол жерлерде 1 095 ескерту белгісі орнатылған.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша су айдындарындағы мұздың қалыңдығы:

– солтүстік өңірде – 5-8 см.;

– батыс өңірде – 1-3 см.;

– орталық өңірде – 10-12 см.;

– шығыс өңірде – 25-30 см.;

– оңтүстік өңірде – 3-4 см.

Аң және балық аулау маусымы басталғаннан бері (2020 жылғы 1 қазан-7  желтоқсан) елдің су айдындарында 16 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапты.

Балық аулау кезінде ережелердің бұзылуынан 11 адам қаза тапты және ересек адамдардың қарауынсыз қалған 5 бала абайсызда суға құлап, суға батып кетті.

Ағымдағы жылы қаза болғандар Ақмола (5 адам), Алматы (3 адам, оның ішінде 2-еуі бала), Жамбыл (2 бала),  Қостанай (2 адам), Қызылорда (2 адам), Маңғыстау (1 бала), Түркістан (1 бала) облыстарының су айдындарында тіркелді.

Мәселен, өткен күз және қыс маусымында (2019 жылғы 1 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 наурызға дейін) еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, сондай-ақ мұз өткелдері арқылы өту кезінде 37 адам (оның ішінде 10 бала) қаза болды. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері:

1) 19 адам балық аулау кезінде (жағалаудан және/немесе жүзу құралдарынан) суға құлаған;

2) 7 адам балық аулау кезінде мұз астына құлап кеткен;

3) ойнап жүріп 8 бала мұз астына түсіп кеткен, 2 бала суға құлаған;

4) 1 адам мұз өткелдері арқылы өту кезінде құлаған.

Аумақ бойынша алып қарасақ, қаза болғандар Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды,  Солтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының су айдындарында тіркелді.

Осыған байланысты, ел азаматтарының назарын су айдындарында, қыс мезгілінде, бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтауға аударамыз:

1) тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінген кезде мұзға шықпаңыз;

2) мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шықпаңыз;

3) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға болмайды;

4) мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамаңыз;

5) автомобильдермен өткелдерден тыс жерлерге шықпаңыз.

Мұз астына балық аулауға, балық аулауға қатысушыларға жеке құтқару құралдары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға, шектеулі алаңда екіден көп шұңқыр тесуге және от жағуға жол берілмейді,сондай-ақ өту орындарында балық аулауға арналған желілерді орнатуға және шұңқырларды тесуге жол берілмейді.

Бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 10 см.жаяу өткелді жасау үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы 15 см және одан астам. Автомобильдердің өтуі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы кемінде 30 см.

Судағы (мұздағы) оқиғалар көбінесе адамның өз-өзіне сену, өз күштері мен мүмкіндіктерін қайта бағалау, судағы (мұздағы) қарапайым ережелерді елемеу салдарынан орын алады.

Сондай-ақ оқыңыз