Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарауда. Бұл ақпаратты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі ресми түрде жоққа шығарды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.