Сингапурде круиздік кеме сапарын ерте аяқтауға мәжбүр болды

Жарияланды
2000 адам мінген кемеде коронавирус анықталды

Сингапурде круиздік кеме сапарын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Себебі жолаушылардың бірінің індет жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Кемеге 2 мыңдай адам мінген. Круиздік сапары 4 күнге жалғасуы тиіс еді. Алайда вирус жұқтыру оқиғасына байланысты кеме кері қайтуға мәжбүр болды. Науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығы оқшауланды.
Сингапурде «Қауіпсіз круиз» бағдарламасы қолға алынған. Оған сәйкес кеме бірнеше күнге ашық теңізге шығып, ешбір кемежайға тоқтамайды.

Лайнерге мінбес бұрын жолаушылар да, экипаж мүшелері де коронавирусқа тест тапсыруға міндетті.

 

Сондай-ақ оқыңыз