Инвестиция

Жеке алтын қоймасының акцияларының саудасы KASE-де 14 желтоқсанда басталады

SPDR Gold Trust инвестициялық қоры

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 14 желтоқсанынан бастап KASE-де SPDR Gold Trust инвестициялық қоры (АҚШ) шығарған US78463V1070 («Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторы, US_GLD_) SPDR Gold акцияларымен сауда-саттықтың ашылатындығы туралы хабарлайды.

Аталмыш акциялардың KASE сауда жүйесіндегі баға белгілеу дәлдігі акциялардың АҚШ долларымен көрсетілген екінші ондық таңбасына дейін белгіленеді.

Осы акциялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE веб-сайтында жарияланған.