Ер азамат қонақ болған үйден қыстық тонды ұрлап кеткен

Жарияланды
Келтірілген шығын көлімі 45 мың теңге

Түркістандық полицейлер қонаққа келіп, қыстық тон ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданады. Ол өзінің арызында белгісіз біреудің құны 45 мың теңге тұратын қысқы тонын ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осылайша тәртіп сақшылары орын алған жайттың толық мән-жайын анықтауға кірісті. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, куәгерлерден жауаптар алынды. Атқарылған шаралардың барысында небары бір күн ішінде күдікті ұсталды.

Тергеушілердің анықтауынша, күдікті азамат жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол жәбірленуші әйелдің үйіне қонаққа келген. Содан ешкімге байқатпай, шкафта ілулі тұрған қыстық тонын жымқырып кеткен. Ұсталған азаматтан айғақты зат ретінде қыстық тон алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы қолхатта. Полицейлер бұл іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп айыптау актісімен Түркістан қалалық сотына жолдады. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен банк кәртішкілеріңізге, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.
 

Сондай-ақ оқыңыз