Бейбіт Атамқұлов Ресей тікұшақтары компаниясының өкілімен кездесті
ҚР ИИДМ басшысы «Ресей тікұшақтары» компаниясының өкілімен кездесті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Ресей тікұшақтары» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Фоминмен кездесті.
Кездесуде Алматы қаласындағы №405 зауытта МИ-8 тікұшақтарын құрастыру жөніндегі бірлескен қазақстандық-ресейлік жобаны іске асыру аспектілері талқыланды.
Азаматтық нұсқадағы алғашқы тікұшақ құрастырылып, ұшу сынақтарынан өтіп, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне өткізуге даййындалған. Бар болғаны бір жыл ішінде Қазақстанда құрастырылған 8 машинаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сергей Фомин қазақстан зауытының инженерлері мен мамандарының кәсібилігі мен біліктілігін атап өтті.
Кездесу барысында үш жыл ішінде заңды тіркеу, техникалық құжаттаманы қазақстандық тарапқа беру жұмыстары жүргізілгені айтылды.
Бұл жұмыстың нәтижесі – Қазақстанда құрастырылған алғашқы винтті МИ-8 машинасы болды.
Қазақстанда өндірістік ынтымақтастық және тікұшақтарды құрастыру туралы шешім 2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде Ресей федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында қабылданды.
Бұл жобаны жүзеге асыру – Қазақстан мен Ресейдің өндірістік кооперациясының жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.