Ресурстар

Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады

Өткізу пункттері 18 желтоқсанында жұмыс істей бастайды

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарада автомобиль өткізу пунктері 16-17 желтоқсанында жабылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

 «2020 жылдың 16-17 желтоқсанында Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пунктері жабылады. Өткізу пункттері 2020 жылдың 18 желтоқсанында жұмыс істей бастайды», – делінген хабарламада.