АҚШ-та бір күнде індеттен 3 700-ден астам адам қайтыс болды

Жарияланды
Португалия Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қатаң шаралар қабылдады

Германия үкіметі COVID-19 құрбандарын еске алу акциясын жалпы федералды аза тұту шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, локдаунның жариялануына байланысты шараның өтетін күні әлі белгісіз. Германияда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсуі 33 777 жағдайды құрады. Эпидемия басталғаннан бері елде 1 439 938 жұқтыру оқиғасы тіркелді. Соңғы 24 сағат ішінде 813 адам қайтыс болған, COVID-19-дың кесірінен болған өлім-жітімінің жалпы саны 24 938 адамды құраған. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

АҚШ билігіңің қабылдаған шараларына қарамастан елдегі эпидемиялық жағдай аса ауыр болып тұр. Елде бірден үш қайғылы рекорд тіркелді: бір күнде 3 700-ден астам адам қайтыс болған, 250 мыңнан астам адам індетті жұқтырған. Пандемия басталғалы COVID-19-дың кесірінен қайтыс болған адамдардың саны 300 мыңнан асып түсті, жұқтырғандар саны 17,1 миллионнан асқан.

Португалия билігі COVID-19-дың таралуын болдырмау мақсатында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қатаң шаралар қабылдады. Президент Марсело Ребело де Соуса төтенше жағдайды 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартты. Ел аумағының көп бөлігінде коменданттық сағаттар енгізілді: тұрғындарға жұмыс күндері сағат 23.00-ден 05.00-ге дейін, демалыс күндері 13.00-ден 05.00-ге дейін көшеге шығуға тиым салынды.

Сондай-ақ оқыңыз