200 адам Ресейден коронавирус жұқтырып келген

Жарияланды
Оның 185-і амбулаториялық жағдайда емделуде

Солтүстік Қазақстан облысында КВИ жұқтырғандардың ішінде сырттан келушілер көбейген, басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген ҚР азаматтары. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

2020 жылдың 16 желтоқсанында Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 502 адам өткен (Жаңа жол бекеті арқылы – 230 адам, Қарақоға бекеті арқылы – 223 адам, Бидайық бекеті арқылы – 49 адам), жаяу жолаушылардың 188-де ПТР-талдаудың теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болған.

Анықтамасыз келген 25 Қазақстан азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленген. ПТР-талдау нәтижелері бойынша бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.

2020 жылғы 6 қазан мен 16 желтоқсан аралығында Ресеймен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 37 125 адам өткен. 

Оның ішінде 9 785 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамалары болған. 2 081 ҚР азаматы анықтамалары болмағандықтан карантиндік стационарларға орналастырылған.

ПТР-талдауының нәтижесінде 206 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталып, 21 адам инфекциялық стационарға жатқызылған және 185 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Сондай-ақ оқыңыз