Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Жарияланды
Екіжақ көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейді
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара ниетін растады.
Оған қоса халықаралық және өңірлік ұйымдардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Министрлер алдағы 2021 жылға бірлескен жұмыстың жоспарын мен перспективаларын белгіледі.