Нұр-Сұлтанды қардан тазартуға екі мың жұмысшы жұмылдырылды
20 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қар тазалауға 1180 бірлік арнайы техника және 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада бір күн бұрын 3,7 мм жауын-шашын түскен. Түнде 5 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында қардан тазарту жұмыстарын жүргізу екі ауысымдық режимде кешке және түнде күшейтіліп, қар шығару маршруттарын реттей отырып қарастырылған.
Біріншіден, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмайтындай, өте тығыз көлік қозғалысы бар аймақтар, әрі қарай қарқындылығы орташа аудандар тазартылады.
Қала жолдарының жүру бөлігін мұз басуға қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастаған сәттен басталады. Біріншіден, автомобиль жолдары мен көшелердің қозғалыс үшін ең қауіпті учаскелері өңделеді: тік төмен түсулер мен биік асулар, көпірлер, тоннельдер, көше қиылыстарындағы тежегіш платформалар мен қоғамдық көлік аялдамалары және т.б. Егер қар бірінші цикл аяқталғаннан кейін жалғаса берсе, жұмыс қажетті ретпен қайталанады.
Бұған дейін қар елорданың барлық аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылатыны хабарланған болатын. Қалада қар күреу тәулік бойы жүргізілуде. Полигондарға бақылау үшін фото және видео камералар орнатылған.