Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Жарияланды
2 миллион доза вакцина өндіріледі

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді. 

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

  «Қазақстанда өндірілген «Спутник V»-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», – деді Асқар Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз