Ұлыбритания елдегі шектеу шараларын жеңілдетуден толықтай бас тартты

Жарияланды
Елде төртінші деңгейдегі карантин енгізілді

Ұлыбритания билігі Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шараларын жеңілдетуге арналған жоспарынан толықтай бас тартты. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Оған себеп, мемлекет ішінде коронавирустың жаңа штамының таралуы. Лондон, Уэльс, Шотландия және Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында 30 желтоқсанға дейін ең жоғары – төртінші деңгейдегі карантин енгізілді.

Елде барлық дүкендер (бірінші кезектегі тауарларды сатанын дүкендерді қоспағанда), сұлулық салондары мен спорт клубтары жабылуда.

Елдің премьер-министрі Борис Джонсонның айтуынша, VUI-202012/01 деп аталған COVID-19 жаңа мутациясы таралу қарқынына жоғары болғандықтан адамдарға аса қауіпті болып келеді. Бүгінгі күні Лондондағы COVID-19 жұқтырғандардың 60% астамында осы ерекше штамм анықталған. Сонымен қатар, алдын-ала мәліметтер бойынша, аталған мутация алдыңғы штаммға қарағанда жұқпалылығы 70% жоғары болуы мүмкін.
 

Сондай-ақ оқыңыз