Биыл тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 30% өсті

Жарияланды
Жыл соңына дейін 150 мың тұрғын үй салынады деп күтілуде

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30% өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттің басты міндеті қазақстандықтардың өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2005 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің бірыңғай тұрғын үй саясатының жалғасы.

2020 жылы Бағдарламаның барлық қаржыландыру көздерінен бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру тапсырмасы аясында 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр (Бағдарламаның жоспарларын іске асыру нәтижелері 2021 жылдың басындағы статистикалық мәліметтер негізінде анықталады). Жыл соңына дейін 15 миллион шаршы метр (150 мың тұрғын үй) салынады деп күтілуде.

Сонымен бірге, осы жылдың 11 айында 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3% пайызға артық. Жалпы республикада 106,1 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 37,7 мың жеке тұрғын үй, 17,6 мың мемлекеттік қолдаудың арқасында салынған үйлер. 

Осы кезеңде тұрғын үй құрылысына 1,7 трлн  теңге көлемінде инвестиция тартылды, бұл 2019 жылғы деңгейден 33,4% жоғары.

     «Айта кету керек, бағдарламаны іске асыру жеке инвестицияларды тартуды ынталандырды, сондықтан осы жылдың 11 айының қорытындылары бойынша. инвестицияланған 1 теңге мемлекеттік қаражатқа 4 теңге жеке инвестиция тартылды», – деді Мархабат Жайымбетов, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.

Сондай-ақ оқыңыз