2020 жылдың желтоқсан айының басынан елімізде 5 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 365 жағдайы және 6-18 жас аралығындағы балалар арасында 780 жағдай тіркелген. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegtam каналы хабарлады.
⠀
Сонымен қатар, 5 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жұқтыру деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіш – Қостанай облысында, 77 фактісі анықталған. Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында бір фактіден тіркелген. Ал Қызылорда облысында желтоқсан айының басынан 5 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ-ді жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелген жоқ.
⠀
6 жас пен 18 жасқа дейінгі КВИ жұқтырған балалардың басым бөлігі Павлодар облысында тіркелген, 3 апта ішінде 165 бала індетті жұқтырған. Және Шығыс Қазақстан облысында 147 факті, Қостанай облысында 120 және Нұр-Сұлтан қаласында 108 жағдай тіркелген. Маңғыстау және Түркістан облыстарында екі жағдай анықталған. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында аталған кезең арасында бұл санаттағы балалар арасында КВИ жұқтыру дерегі тіркелмеген.
⠀
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 желтоқсанынан Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалар арасында COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанудың 49 оқиғасы тіркелді. Олардың басым бөлігі Ақмола облысында орын алғаны анықталды (16 факт). 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар арасында індеттің 88 жағдайы тіркелген, ең көбі – Шығыс Қазақстан облысында (10 жағдай) орын алған.
Елімізде желтоқсан айында 5 жасқа дейінгі 365 бала індет жұқтырған
6-18 жас аралығындағы балалар арасында 780 жағдай тіркелді
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Оңтүстік Корея Қазақстанмен мұнайға қатысты келіссөз жүргізіп жатыр
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Қытай көліктеріне 2 жылдан кейін не болады
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
«Екі құлып болды»: құтқарушылар елордадағы қайғылы жағдай туралы айтты
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Миллиардтар шеруі: Қазақстан банктерінің 2 айдағы таза табысы
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Жыл басынан бері үш тонна есірткі тәркіленді
-
Оқу уақыты ~ 10 мин.
Қазақстанда сәуірден бастап не өзгереді
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Астанада Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл қойылды
-
Оқу уақыты ~ 20 мин.
Алматы, Астана мен Шымкент: ірі қалалар Наурыз мерекесін тойлауға қанша қаржы жұмсады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Алматыда 20 мың шаршы метр жерге қызғалдақ отырғызылды
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Мәйіті екі жыл бұрын Жайықтан табылған оқушының анасы әділдік іздейді
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шыққалы жатыр – видео
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Қор нарығы: Ирандағы бітім, алтынның серпілісі және KASE-дегі контраст