Шымкенттік полиция қызметкері Әйел зорламақ болған күдіктіні ұстап, онымен селфиге түскені үшін жұмысынан босатылды, деп хабарлады zakon.kz.
Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін офицер үшін орынсыз деп тапты.
Қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды, – делінген Шымкент қалалық полиция хабарламасында.
Селфи қызметтік көлік ішінде түсірілгені анықталды.