Жыл басынан бері Алматыға 82 мыңға жуық шетелдік келген
Жарияланды
11 айдың ішінде
Алматы қаласының ПД көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, шаһарға биылғы жылдың 11 айында 81 мың 952 шетелдік азамат келген, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 64,7% -ға аз, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мың 310 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 1 мың 477-і шетел азаматы. Аталған кезеңде басқа мемлекеттердің 238 азаматы елден шығарылды. Биыл шетелдіктер жасаған 274 қылмыс тіркелді, оның ішінде қылмыстардың ең көбін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған. Жалпы қалада көші-қон бойынша ахуал тұрақты», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.