Ресурстар

Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынады

Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады

Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан ҚР БҒМ педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз ақша жинау. Бұл туралы ҚР БҒМ Telegram каналы хабарлады.

Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға білім беру ұйымынан тыс ақылы негізде өткізілетін конкурстар мен олимпиадаларды таңдауда мұқияттылық танытуға шақырады. Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынғанын да ескерген жөн.