Несие аларда қай мәселеге ерекше назар аударған жөн? Бұл сұраққа Fingramota.kz жауап берді.
Кредитормен шарт жасамас бұрын бірнеше кредиторлардан кредит беру шарттарын зерттеп және мыналарға ерекше назар аудару қажет:
– қарыз беру мерзімі;
– сыйақы мөлшерлемесінің түрі: белгіленген немесе өзгермелі, сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болған жағдайда есептеу тәртібі;
– жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (ЖТСМ – клиент өтініш жасаған күндегі кредиттің нақты құны). Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – қарыз алушы кредиттік шарт бойынша төлейтін барлық төлемдер сомасы. Ол төмен болған сайын кредит тиімдірек болады. ЖТСМ шарттың талаптарында міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
ЖТСМ мөлшерін тексеру үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде кредиттік калькулятор орналастырылған;
– ай сайынғы төлем мөлшері;
– қарыз беру талаптары және осы қызметті ұсыну туралы шарт жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі;
– өтеу әдісі. Кредитор міндетті тәртіппен балама әдістерді, ең алдымен аннуитеттік және сараланған әдістерді ұсынуға міндетті. Бірінші жағдайда төлемдер бірдей болады, бірақ негізгі борыш үдемелі түрде өтеледі, екіншісінде – негізгі борыш теңдей етіп өтеледі, бірақ төлем сомасы азая береді. Өтеу әдісін таңдау қарыз алушының қалауына қарай негізделмейтіндігін, сондай-ақ сұрап отырған қарыздың көлеміне және қарыз алушының оны ай сайын төлеудің қаржылық жағдайына байланысты екендігін атап өткен жөн.
– шарт бойынша міндеттемені және басқасын орындамаған жағдайда кредиттік жауапкершілік және ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат. Ең бастысы, кредиттік ұйыммен шартқа қол қоя отырып, сіз, қарыз алушы ретінде қарызды өтеу бойынша міндеттемені берешекті өтеу кестесінде белгіленген мерзімде орындауға метті екеніңізді еске сақтаңыз.