Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға енгізілген мораторий мерзімі ұзартылды

Жарияланды 28 Желтоқсан 2020 06:15

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Мемлекет басшысы «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды,-  деп хабарлайды Ақорда.

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».

2.  Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз