Мемлекет басшысы «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды,- деп хабарлайды Ақорда.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін, оған мыналар:».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.