Ливанда босқындар лагері өртенді

Жарияланды
Жергілікті тұрғындар мен босқындар арасында жанжал туындады

Ливанның солтүстігінде сириялық босқындар лагері өртенді, деп хабарлады жергілікті БАҚ. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, жергілікті тұрғындар мен Минье ауданындағы лагерьден келген сириялық босқындар арасында қақтығыс болған. Тараптардың бірі атыс қаруын қолданды, 3 адам жарақат алды.

Біраз уақыттан кейін белгісіз біреулер босқындар лагерін өртеп жіберді. Өрттің кадрлары әлеуметтік желіге тарады.

Билік бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Ресми мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта Ливанда 1,5 миллионға жуық сириялық босқын тұрады.

    

Сондай-ақ оқыңыз