2020 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қабылданған шешімдерге байланысты.
Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарлануда.
Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:
1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
3) Павлодар-Пресногорьковская;
4) Қызылорда-Семей;
5) Ақтөбе-Атырау.
ҚР ИИДМ тасымалдаушыларға сақтық шараларын мүлтіксіз сақтау жөнінде нұсқаулар берді.