Бердібек Сапарбаев індетке қарсы вакцина салдырды

Жарияланды
Вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді

Жамбыл облысының әкімі індетке қарсы қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті түрде егілді.

 «Әлемдік сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеп жатыр. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ өзіміздің қазақстандық вакцинаны да әзірледі. Еріктілерге арналған клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі сәтті өтті, жақсы нәтиже көрсетті және жанама әсерлер болған жоқ. Қазіргі таңда Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі жүріп жатыр. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін», – деді Бердібек Сапарбаев.

 

Сондай-ақ оқыңыз