Ресурстар

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті

Өкпені жасанды желдету және оттегі ингаляциясы бар 100 аппарат тапсырды

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл туралы ҚР-ның Тәжікстан Республикасындағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның Елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстанға гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты.

Ол Қазақстан Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Тәжікстанға оның құрамына өкпені жасанды желдету және оттегі ингаляциясы бар «Кокчетав-4П» 100 портативті аппараттарын тапсырды.

Гуманитарлық көмекті Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Джамолиддин Абдуллозода қабылдады.

Елші өз сөзінде Тәжікстан – Қазақстанның сенімді серіктесі және одақтасы, достық пен тату көршілікке негізделген стратегиялық ынтымақтастық пен екі бауырлас ел арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде гуманитарлық өлшемде де қарқынды дамып, нығайып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Джамолиддин Абдуллозода тәжік тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын жеткізді.