Ресурстар

Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды

Халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды

Жаңа жыл мерекесіне арналған әуе рейстерінің кестесі жарияланды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚР ИИДМ 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық мерекелерге авиаұшулар кестесі туралы хабарлайды.

Халықаралық авиарейстер 19 бағыт бойынша 12 елге қатынайды. Барлығы 54 рейс жасалады: Біріккен Араб Әмірліктеріне – 16, Түркияға – 10, Өзбекстанға – 6, Беларусь пен Германияға – 4 рейстен, Мальдивке – 3, Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Мысырға, РФ мен Қырғызстанға – 2 рейстен, Украинаға – 1.

Рейстердің ұшу уақыты мен күнін авиакомпаниялар мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады.