Қазақстанда жер қатынастары туралы заңдарға түзетулер әзірленді. Бұл туралы ҚР АШМ-ның алқа отырысында Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина мәлімдеді, деп хабарлайды АШМ бапасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану туралы тапсырмасын орындау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмайтын жерлерге салық мөлшерлемесін 20 есеге арттырды. Салық мөлшерлемесін көтеруді көздейтін заң 2020 жылғы 10 желтоқсанда қабылданды. Бұл пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен экономикалық тұрғыда бас тартуды көздейді», – деді Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы АШМ «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Ол жер заңнамасын жетілдіруге, жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін жеңілдетуге, жер қатынастары саласындағы қызметтерді цифрландыру арқылы халықтың мемлекетпен өзара іс-қимылын қысқартуға бағытталған. Құжат ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.
Комитет қосымша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдерін және қайтарып алу мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды көздейтін заң жобасын әзірледі.