Жерді тиімсіз пайдаланушылардың «қара тізіміне» 600-ден астам адам енгізілді. Бұл туралы АШМ бапасөз қызметі хабарлады.
Бұл тізім ашық түрде қолжетімді, деп хабарлады ҚР АШМ алқа отырысында Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина.
«Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды бақылау әкімдіктердің құзырына кіреді. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша жұмысы АШМ-нің тұрақты бақылауында. Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдау негізінде ҚР АШМ жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына немесе мемлекет меншігіне қайтаруды күшейтуге бағытталған заңнамалық шараларды жетілдіреді. Жалпы, соңғы 2 жылда біз республика бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау мен қайтарып алудың оң динамикасын байқап отырмыз», – деп хабарлады Г.Бимендина.
Сондай-ақ, комитет басшысы АШМ сот шешімі бойынша жер учаскелері қайтарылып алынған тұлғалардың тізімін қалыптастыруды жалғастырып жатқанын атап өтті. Бүгінде «қара тізімде» 600-ден астам адамның аты-жөні, жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері, ауданы және нақты орналасқан жері көрсетілген. Ақпарат qoldau.kz сайттында ашық түрде қолжетімді.