Алматы қаласында мейрамханалар түнгі клубтарға қайта бейімделіп, карантин режимін бұзуда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Алматы қаласы бойынша 2020 жылғы 8-ші қазаннан бастап шектеу шараларын сақтау бойынша аудандық әкімдіктер жанында 32 мониторингтік топ жұмыс істейді.
2020 жылдың 8-ші қазанынан жыл соңына дейін 648 рейд жүргізіліп, 5 464 объекті рейдтермен қамтылды, карантиндік шараларды бұзудың 1100 (20,1%) фактісі анықталды.
Мониторингтік топтардың тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 959 хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға – 48 378 870 теңге сомасына 243 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін 29 835 720 теңге сомасына 716 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Бұдан бөлек, 16 материал сотқа беріліп, 5 іс бойынша қызметтін тоқтату және 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Олардың ішінде келесі мекемелер бар:
• Медеу ауданы бойынша: «Манана» мейрамханасы, «Отырар бар», «Центральный» кафесі, «Hookan Dreems» лануж-бары, «Nebo» бары, «Orange» мейрамханасы, «Артист» бары;
• Түрксіб ауданында: «Раяна» мейрамханасы, «Атлантида» бильярд клубы, «Прованс» кафесі;
• Алмалы ауданында: «Арагоста» кафесі, «Дегирмен» мейрамханасы, «Дореми» караокесі;
• Әуезов ауданында: «Мята» лаундж-бары, «Алмалы» караоке-бары, «Playstation Go» ойын клубы.
Сонымен қатар, қалада мейрамханаларды түнгі клубтарға қайта бейіндеу үрдісі байқалуда, бұндай әрекет коронавирустық инфекцияның таралу қаупі бойынша қосымша қауіп төндіреді. Мұндай факт Royal Tulip мейрамханасында тіркелген.