Ресейлік дәрігерлер коронавирустық пандемияның аяқталу жағдайларын атады және оның ХХ ғасырдың басында Еуропада орын алған испан тұмауы эпидемиясы сияқты күтпеген жерден аяқталуы мүмкіндігін бағалады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат Telegram каналы хабарлады.
Испан тұмауы үш толқынмен дамып, екінші толқы ең ауыр түрге айналды. Эпидемиологтардың айтуы бойынша коронавирусты жоюдың ең жақсы мезгіл – жаз айлары екен. Қазіргі пандемиямен күрестің шешуші факторы вакцина әзірлеу жылдамдығы екен. Індетке қарсы вакцина дер кезінде әзірленбесе адамзат SARS-CoV-2-мен бірге «мәңгі қалу» қаупі туады.
«Топтық иммунитетке әлі алыс. Сарапшылардың пікірі бойынша, 2021 жылы өлім көрсеткіші 2020 жылдан кем түспейтіні болжануда. Мұны тек екпе егу арқылы тоқтатуға болады», – деді Дарья Халтурина, Ресей Федерациясының Қоғамдық денсаулық сақтау және демография мәселелері бойынша кеңесінің төрағасы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректері бойынша әлемде коронавирустың 82 миллионға жуық жағдайы тіркелген, пандемия 1,8 миллионнан астам адамның өмірін қиды.