Қазақстанда 2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында 201 жоба іске қосылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 916,8 млрд.теңге сомасына 201 жоба іске қосылды. Осылайша 18,6 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.
Жобалар келесі салаларда жүзеге асырылды:
– АӨК және тамақ өнеркәсібі-71 жоба;
– құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру-34 жоба;
– энергетика-12 жоба;
– тау-кен өнеркәсібі-4 жоба;
– металлургия – 13 жоба;
– химия өнеркәсібі – 12 жоба;
– машина жасау-17 жоба;
– мұнай-химия өнеркәсібі-2 жоба;
– жеңіл өнеркәсіп – 6 жоба;
– фармацевтика-9 жоба;
– ағаш өңдеу өнеркәсібі-10 жоба;
– қалған салалар-11 жоба.
Ауқымды жобалар:
«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС, автокөлік өндіретін зауыт, Алматы қ. (28 млрд тг, 700 жұмыс орны);
«Steel Manufacturing» ЖШС, патрон зауыты (28,1 млрд тг, 164 жұмыс орны);
«Linde Gas» ЖШС техникалық газдар өндірісі (27,5 млрд тг, 20 жұмыс орны);
«ModeX» ЖШС көлемді-блоктық үй құрылысы зауыты (15 млрд тг, 130 жұмыс орны);
«Жетісу Мажико» агрокешені » ЖШС, өсімдік майларын өндіру үшін майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты (соя, жүгері, рапс, күнбағыс) (5,8 млрд тг, 350 жұмыс орны).