Ресурстар

Жеке табыс салығы қалай есептеледі?

МЗЖ және МӘМС жарналары кірістен алынып тасталды

Жеке табыс салығы қалай есептеледі? Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Telegram каналы хабарлады.   

Осы уақытқа дейін МЗЖ және МӘМС жарналары жеке табыс салығы салынатын кірістерден алынып тасталмайтын. Сондықтан, жеке тұлғалардың 11% -ке жуық табысы да (10% МЗЖ и 1% МӘМС) жеке табыс салығымен (ЖТС) салықтандырылатын. 

Яғни, 100 мың теңге табыс тапқан жағдайда ЖТС 10 мың теңге құрады, негізі ол 8,9 мың теңге болуы керек ((100,0 – 10,0 – 1,0) *10%). Сол себептен Салық кодексіне өзгерістер енгізілген.

Бұл ретте, МЗЖ және МӘМС жарналарына салынған жеке табыс салығын қайтару салықтық өтініші бойынша жүргізіледі.

Бүгінгі таңда біздің еліміздегі қандай да бір қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар жеке тұлғалардың мүдделерін білдірмейді деген тәжірибе қалыптасқан. 

Сонымен қатар, салық төлеушілер-заңды тұлғалардың едәуір бөлігі өз қызметкерлерін азаматтық-құқықтық шарттарға ауыстырды, бұл әлеуметтік сенімсіздік пен болашаққа деген сенімсіздіктен басқа, салық міндеттемелерін оңтайландыру мақсатында схемаларды теріс пайдалануды тудырады, атап айтқанда, осындай қызметкерлерден еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салық төлеу бойынша (9,5%). 

Бизнес субъектілерінің өтініштері бойынша, 2018 және 2020 ж.ж. бастап осы түзетулерді қолдану қажеттілігіне қарамастан, бухгалтерлер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығындарын тудыратын ахуал қалыптасып отыр. 

Осыған байланысты 2018-2020жж. кезеңде жүргізілген МЗЖ және МӘМС жарналары бойынша шегерімдерді қолданып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан басталған артық төленген жеке табыс салығын қайтаруға берген өтініштер қабылдануы үшін өтпелі ережелерді қарастырып, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде жоғарыда көрсетілген ережелердің қолданысқа ену мерзімін өзгерту туралы мәселе қаралуы мүмкін.